Жаңалықтар

АҚШ Қысқы Ойындарға иммиграциялық агенттерін жібермекші

фото: ВВС

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Италияда басталатын қысқы Олимпиада ойындары кезінде өз агенттерін жібермекші. Олар америкалық қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсетеді жазады ВВС.

Басылым мәліметінше, АҚШ-тың бірнеше ведомствосы Иммиграция және кеден полициясы бөлімшесінің Олимпиадада белгілі бір рөл атқаратынын растаған. Бұл туралы хабарламалар Италияда үрей мен наразылық тудырды.

«Олар адамға оқ ататын қарулы құрылымдар. Әрине, олардың Миланда болғанын ешкім қаламайды. Мен [ICE агенттері] Италияға келмеуі тиіс деп санаймын, өйткені олар біздің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі демократиялық тәсілімізге кепілдік бермейді, – деді Милан мэрі Беппе Сала италиялық радиоға берген сұхбатында.

Америкалық шенеуніктердің сөзінше, агенттер тек «қосалқы» қызмет атқарады. Трансұлттық қылмыстық ұйымдарға байланысты тәуекелдерді анықтау және азайту мақсатында Дипломатиялық қауіпсіздік қызметімен және Италия билік органдарымен бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Бірақ ел азаматтары да бұған қарсы болып отыр.

Осы жылдың басында ICE агенттері АҚШ-та екі штатта бейбіт тұрғындарға оқ атып, бір адам өлді. Осыдан кейін елде иммиграциялық агенттерге қарсылық болып, үлкен наразылық акциялары өткен.