Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталды: Жеребе тарту рәсімі қашан

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: UEFA.com

Чемпиондар лигасы–2025/2026 маусымының жалпы кезеңі ресми түрде мәресіне жетті. Соңғы, 8-тур нағыз драмаға толы болды: турнир кестесіндегі орындар минут сайын ауысып, жанкүйерлер ондаған гол мен күтпеген нәтижелерге куә болды.

Тікелей 1/8 финалға шыққан командалар

Жалпы кезең қорытындысы бойынша плей-оффқа тікелей жолдама алған сегіз команда анықталды:

  • «Арсенал»
  • «Бавария»
  • «Ливерпуль»
  • «Тоттенхэм»
  • «Барселона»
  • «Челси»
  • «Спортинг»
  • «Манчестер Сити»

Бұл ұжымдар бірден 1/8 финалда ойнайды.

Ал бірқатар атақты клубтар турнир кестесінде алғашқы сегіздікке іліне алмай, түйісу раундта бақ сынауға мәжбүр болады. Олардың қатарында: «Реал Мадрид», «ПСЖ», «Интер, «Ювентус, «Атлетико» Мадрид

Түйісу матчтардың ықтимал жұптары

Алдын ала есеп бойынша келесі жұптар құрылуы мүмкін:

  • «Монако» / «Қарабах» – «ПСЖ» / «Ньюкасл»
  • «Брюгге» / «Галатасарай» – «Ювентус» / «Атлетико» Мадрид
  • «Будё-Глимт» / «Бенфика» – «Реал Мадрид» / «Интер»
  • «Боруссия» Дортмунд / «Олимпиакос» – «Аталанта» / «Байер»

Сондай-ақ балама нұсқалар да бар:

  • «Қарабах» / «Монако» – «Ньюкасл» / «ПСЖ»
  • «Галатасарай» / «Брюгге» – «Атлетико» Мадрид / «Ювентус»
  • «Бенфика» / «Будё-Глимт» – «Интер» / «Реал Мадрид»
  • «Олимпиакос» / «Боруссия» Дортмунд – «Байер» / «Аталанта»

Алда не күтіп тұр?

Түйісу кезеңнің ресми жеребесі жұма күні, 30 қаңтарда өтеді. Дәл осы күні Чемпиондар лигасының плей-офф торы толық қалыптасады. Қысқасы, турнир енді ғана қыза түсті.

ЧЛ 2025/26 — 8 тур қорытындысы

УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/26

Жалпы кезең — 8 тур қорытындысы

# Клуб Ойын Ұпай Статус
1 Арсенал 🇬🇧 8 24 Тікелей 1/8 финал
2 Бавария 🇩🇪 8 21 Тікелей 1/8 финал
3 Ливерпуль 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 8 18 Тікелей 1/8 финал
4 Тоттенхэм 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 8 17 Тікелей 1/8 финал
5 Барселона 🇪🇸 8 16 Тікелей 1/8 финал
6 Челси 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 8 16 Тікелей 1/8 финал
7 Спортинг 🇵🇹 8 16 Тікелей 1/8 финал
8 Ман Сити 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 8 16 Тікелей 1/8 финал
9 Реал Мадрид 🇪🇸 8 15 Түйісу кезеңі (seeded)
10 Интер 🇮🇹 8 15 Түйісу кезеңі (seeded)
11 ПСЖ 🇫🇷 8 14 Түйісу кезеңі (seeded)
12 Ньюкасл 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 8 14 Түйісу кезеңі (seeded)
13 Ювентус 🇮🇹 8 13 Түйісу кезеңі (seeded)
14 Атлетико 🇪🇸 8 13 Түйісу кезеңі (seeded)
15 Аталанта 🇮🇹 8 13 Түйісу кезеңі (seeded)
16 Байер 🇩🇪 8 12 Түйісу кезеңі (seeded)
17 Боруссия Д 🇩🇪 8 11 Түйісу кезеңі
18 Олимпиакос 🇬🇷 8 11 Түйісу кезеңі
19 Брюгге 🇧🇪 8 10 Түйісу кезеңі
20 Галатасарай 🇹🇷 8 10 Түйісу кезеңі
21 Монако 🇫🇷 8 10 Түйісу кезеңі
22 Қарабақ 🇦🇿 8 10 Түйісу кезеңі
23 Будё-Глимт 🇳🇴 8 9 Түйісу кезеңі
24 Бенфика 🇵🇹 8 9 Түйісу кезеңі
25+ Марсель, Пафос, ПСВ, Наполи, Аякс, Айнтрахт, Вильярреал, Қайрат… (шығып қалды)

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасының маусымында алғаш рет алматылық «Қайрат» футбол клубы өнер көрсетті. Соңғы ойында лондондық «Арсеналға» қарсы ойында 3-2 есебімен жеңілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз