Lifestyle

Джефф Безос актриса Сидни Суинидің іш киім брендіне қолдау көрсетті (фото)

фото: instagram

АҚШ актрисасы, «Эйфория» сериалының жұлдызы Сидни Суини SYRN атты жеке іш киім брендін ресми түрде таныстырды. Актриса жаңа топтаманың алғашқы жарнамалық кампаниясын әлеуметтік желіде жариялап, сатылымның басталғанын хабарлады. Жоба Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың қолдауымен жүзеге асқан.

SYRN бренді өткен жылдың жазында шығуы тиіс болған. Алайда American Eagle брендімен байланысты джинсы төңірегіндегі даудан кейін іске қосу мерзімі кейінге шегерілген. Жоба бір жылдан астам уақыт бойы Coatue атты жеке инвестициялық компанияның қолдауымен әзірленген. Бұл компанияға Джефф Безос пен оның серіктесі Майкл Делл шамамен 1 млрд доллар инвестиция құйған. Аталған тұлғалар актрисаның алғашқы ірі бизнес жобасының басты инвесторлары саналады.

Брендтің басты ерекшелігі – кең өлшемдік қатар. SYRN 44 түрлі өлшемді ұсынады. Сонымен қатар өнімдер бағасының қолжетімділігіне де басымдық берілген: топтамадағы бұйымдардың басым бөлігі 100 доллардан аспайды.

Алғашқы коллекция Seductress деп аталады. Болашақта Сидни Суини тағы үш бағытты Comfy, Playful және Romantic желілерін шығаруды жоспарлап отыр.

Алайда актрисаның іш киім көрсетуі дау-дамайсыз өткен жоқ. Жарнамалық кампания аясында түсірілген видеода Сидни Суини командасымен бірге түнгі уақытта Голливуд төбелеріне барып, қоршаудан асып өтіп, әйгілі Hollywood жазуына көтеріліп, әріптерге SYRN бюстгальтерлерін іліп кеткені көрсетілген. Видео бренд логотипі мен сатылымның жақын арада басталатыны туралы анонспен аяқталған.

Бұл әрекетке қатысты Голливудтың сауда палатасы мәлімдеме жасап, акцияның алдын ала келісілмегенін және Калифорнияның басты символын коммерциялық мақсатта пайдалануға ешқандай рұқсат сұралмағанын хабарлады. Осыған байланысты актрисаға вандализм бойынша айып тағылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сидни Суиниге танымал кәсіпкер Илон Масктың қырыдағыны туралы жазған едік.