Жаңалықтар

Нипах вирусының өршуіне байланысты Үндістанға бармауға кеңес берілді

Үндістандағы Нипах вирусы таралуына байланысты шекарада бақылау күшейді
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Нипах вирусының өршуіне байланысты қазақстандықтар Үндістанға баруды әзірге қоя тұрғаны жөн. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осындай ескерту жасады.

Жаңа шектеуге Үндістанның Батыс Бенгалия штатында вирус тарағаны себеп болған. Бұл жағдай туристер үшін де қауіпті.

«Үндістандағы Нипах вирусына қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл елге туристік сапарлардан бас тарту ұсынылады. Қазіргі таңда Үндістан мен Бангладешті қоса алғанда, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын туристер мен республика азаматтары үшін Нипах вирусын жұқтыру қаупі бар, бірақ алдын алу шараларын сақтаған жағдайда ол бақылауда болады», – деп атап өтті ведомстводан.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі вирус таралуына байланысты мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. Барлық медициналық ұйымдарға арнайы ескерту берілді