OrdaMed басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды

ҰҚК тергеуге алған OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды. Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды
Ділімбетовтің аты аталған қылмыстық іс «OrdaMed» АҚ-ның қызметімен байланысты. Тергеу нұсқасына сәйкес, компания арқылы бюджет қаржысы заңсыз шығарылған. Мемлекеттік ауруханаларға «Қазақстанда өндірілген» деген желеумен медициналық жабдықтар жеткізілген. Алайда техника шетелден әкелінген. Ал жалған құжаттар жеңілдіктер алуға және ірі келісімшарттарды ұтып алуға мүмкіндік берген. Соның ішінде медициналық бұйымдардың 28 түрін жеткізу бойынша келісімдер де бар. Тергеу бағалауынша, осының салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.
«Ordamed» компаниясы науқастар алдындағы жауапкершілігін орындауға және өзінің іскерлік репутациясын қорғауға дайын екенін компания басшысы Еркін Ділімбетов бұған дейін хабарлаған.
«Біз жеткізген құрылғының барлығы зауыттан шыққан, бүкіл ел бойынша медициналық персонал пайдаланып жүр», – деді компания басшысы.
Десе де, бүгін оған іздеу жарияланды.