«Қайрат» Чемпиондар лигасынан 11,8 млрд теңгеден астам табыс тапты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқаны үшін қомақты қаржы иеленді. Клубтың турнирдегі өнері 18,62 млн еуро табыс әкелген. Бұл шамамен 11,23 млрд теңгеге тең.
Қосымша төлемдер
Бұған қоса, «Қайрат» жалпы кезеңдегі бір тең ойын үшін 700 мың еуро (шамамен 422,1 млн теңге) және турнир кестесіндегі соңғы орын үшін 275 мың еуро (шамамен 165,8 млн теңге) алды.
Жалпы табыс көлемі
Осылайша, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы өнерінен түскен жалпы табысы 19,59 млн еуроны, яғни шамамен 11,81 млрд теңгені құрады.
Алда тағы төлемдер бар
Айта кетейік, еурокубок маусымы толық аяқталғаннан кейін бұл сомаға теледидарлық және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін қосымша төлемдер де қосылады. Бұл «Қайраттың» еуроаренадағы қаржылық көрсеткішін одан әрі арттыруы мүмкін.
Бұған дейін, Алматы әкімдгі «Қайрат» футбол клубына 750 млн теңге қаражат бөлгенін жазған едік.