Жаңалықтар

Қазақстанның өз көлік бренді болады

Минкульт не против использования флагов Казахстана на машинах
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның өз көлік бренді болады. «Бәйтерек» холдингі болашақ жобаның жай-жапсарын түсіндірді деп жазады LS.

Холдинг мәліметінше, қазір шетелдік серіктестің технологиялық шешімі базасында қазақстандық автобренд өндіру нұсқасын қарастырып жатыр. Бастапқыда машина нөлден бастап құрастырылмайды, бірақ уақыт өте келе біртіндеп барлық бөлшектерін елде құрастыруды қолға алмақшы.

Әзірге алдын-ала талдау жүргізіліп жатыр. Тұрақты серіктеспен барлық есеп-қисап жүргізілгеннен кейін ғана нақты шешім қабылданады. Көліктің моделі мен техникалық тұсы да сол кезде белгілі болады.

«Қазіргі кезеңде тараптар PROTON брендінің жергілікті серіктесін анықтауы, сондай-ақ қаржыландырудың ықтимал механизмдерін пысықтауы қажет. Түпкілікті параметрлер талқылау сатысында және олар тиісті процедуралардың қорытындысы бойынша анықталады», – деп толықтырды ведомстводан.

Ұлттық автомобиль брендін жасау туралы мәселе былтыр күзден бері айтылып жүр. 2025 жылы қарашада ұлттық холдинг малайзиялық Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) компаниясымен меморандумға отырған.