
Қазақстандық әуе компаниялар Иранның әуе кеңістігін айналып өтуі керек. Елдің Авиациялық әкімшілігі әуе компанияларына осындай нұсқау жіберді.
Қазір қазақстандық «Эйр Астана», «FlyArystan» және «SCAT» әуе компаниялары Дубай, Шарм-эль-Шейх, Жидда, Доха және Медина бағыттары бойынша ұшқанда баламалы маршруттарды қолданады. Олар Иран әуе кеңістігін айналып өту үшін Түркия, Ирак, Пәкістан және Ауғанстан көгін пайдаланады. Бірақ бұл рейстің уақытына әсер етуі мүмкін.
«Иранның әуе кеңістігін айналып өту нәтижесінде Дубай, Доха, Жидда, Медина және Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша ұшудың орташа ұзақтығы Астанадан 40 минуттан 2 сағатқа дейін, ал Алматыдан 40 минуттан 60 минутқа дейін ұзарды», – деп хабарлайды Авиациялық әкімшіліктен.
Қазір Ирандағы жағдай қиындап жатыр. Кеше ғана Трамп америкалық кемелер армадасының Иранға қарай жүзіп келе жатқанын мәлімдеген еді. Егер Тегеран билігі келісімге келмесе, соққы жасалуы мүмкін деп ескерткен.