Қырғызстанда риэлторлар міндетті тіркелуі мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Эдиль Байсаловтың пікірінше, Қырғызстан АҚШ енгізген визалық кепіл талаптарына жауап ретінде тиісті шаралар қабылдауы тиіс / Фото: Shutterstock
Қырғызстанда риэлторлар міндетті тіркелуі мүмкін / Фото: Shutterstock

Қырғызстанда тіркеусіз риэлторлық қызмет көрсетіп жүрген, сәйкестендіру карточкасы болмаған жағдайда бұл қызметті істеуге тікелей тыйым салуды көздейтін заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ақпаратқа сүйенсек, құжат риэлторлар жұмысының ашық және реттелетін жүйесін құруға, жылжымайтын мүлік нарығындағы делдалдық қызметтердің көлеңкелі нарығын жойып, риэлторлық қызметтерге деген сенімді арттыруға бағытталған.

Нақты қандай өзгерістер бар:

  • риэлторлардың уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуден өтуі;
  • клиенттер өз жұмысының заңдылығын тексере алатын риэлторлардың арнайы ID-картасын енгізу;
  • шарттардың үлгілік нысандарын, көрсетілетін қызметтер стандарттарын және риэлторларды кәсіптік даярлау мен аттестаттауға қойылатын талапты нақтылау;
  • риэлторларға тек өз қызметін жарнамалауға рұқсат беру, бұл ретте жарнамада дұрыс емес мәліметтер болмауы тиіс;
  • жылжымайтын мүлік объектісі туралы ақпаратты Клиенттің келісімімен және шарт жасалғаннан кейін ғана орналастыруға рұқсат. Жарнамада риэлтордың атауы, тіркеу куәлігінің нөмірі, сондай-ақ, риэлторлық қызмет көрсету шартының нөмірі мен жасалған күні көрсетілуі тиіс;
  • риэлтор мәміле опциясын таңдағаннан немесе алдын ала шартқа қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүлікті жарнамалауды тоқтатуға міндетті.

Риэлторлық қызметті тіркеусіз және риэлторлық қызмет көрсету қағидаларын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін айыппұлдар көзделген: жеке тұлғалар үшін – 7,5 мың сом (43 мың теңге), заңды тұлғалар үшін – 23 мың сом (132 мың теңге). Жарнаманы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, риэлторлық қызметпен заңсыз айналысқаны үшін – 10 мың сом (57 мың теңге), заңды тұлғалар үшін – 28 мың сом (160 мың теңге).

Сондай-ақ оқыңыз