Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті

28 қаңтар күні түстен кейін Шымкентте жолда кетіп бара жатқан әйел пышаққа ілінді. Ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған».
Полиция оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғаған. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
«Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды», – делінген полиция хабарламасында.
Күдікті қазір ауруханада. Оны полиция күзетіп тұр. Тергеу амалдары басталған.
Айта кетейік, 11 қаңтар күні кеште Шымкенттегі Төлеметов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында 21 жастағы Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапқан.