Авто

Toyota тағынан түспеді: 2025 жылы 11,3 млн автокөлік сатылды

Toyota автокөліктері
фото: shutterstock

Toyota корпорациясы алты жыл бойы әлемдегі ең ірі автоөндіруші атағын ешкімге бермей қалады. Бәсеке күшейгеніне қарамастан, алып компания көлік саудасын рекордтық көрсеткішке жеткізді.

Toyota Motor Corporation 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы сауда қорытындысын жариялады. Құжатта корпорация былтыр он бір айда 11,3 млн автокөлік сатқаны, сауда 4,6%-ға көтерілгені айтылған. Ал өндіріс 5,7%-ға өсіп, 11,2 млн данаға жеткен.

Lexus пен Toyota маркалы автокөліктер саудасы АҚШ-та 8%-ға, ал өндіріс шамамен 10%-ға артқан. Ал Жапониядағы сауда көлемі 12%-ға көтерілген.

Басқа да ірі ойыншылармен салыстырғанда, Тойота Қытайда сауданы жоғары деңгейде ұстап қала алды. Қытай автокомпаниялары нарықтағы бәсекені күшейткені мәлім. Мәселен, BYD 2025 жылы 4,6 млн автокөлік шығарып, миллиардер Илон Маскінің Tesla компаниясын басып озды. Toyota болса былтыр 200 мыңға жуық электромобиль өткізе алды.

Осылайша, Тойота 2020 жылдан бері автонарық көшіп бастап келеді. Одан кейінгі орындарда Volkswagen Group пен Hyundai Motor Group келе жатыр.

Әлемдегі ең ірі бес автокомпания

Әлемдегі ең ірі бес автокомпания (2025 ж.)