Жаңалықтар

ҚТЖ кейбір бағыттарға пойыз билеттерін арзандатты

Фото: railways.kz

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде қысқы жеңілдіктер жариялады.

Жеңілдік дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады:

  • «Тальго» №11/12 бағыттары Алматы – Шымкент (туристік 2D орындарына);
  • «Тальго» №65/66 бағыттары Астана – Қызылорда (жоғарғы орындарға);
  • «Тальго» №105/106 бағыттары Алматы – Петропавл (жоғарғы орындарға).

Жеңілдікпен билеттерді компанияның ресми сайтынан және вокзалдардағы билет кассаларынан сатып алуға болады.