Australian Open: драмаға толы ойында Алькарас финалға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Карлос Алькарас – самый высокооплачиваемый теннисист в мире
фото: auopen.com

Australian Open турнирінің жартылай финалында испаниялық Карлос Алькарас пен неміс Александр Зверев арасындағы тартысты кездесу көрермендерді соңына дейін баурап тұрды.

Бес сағатқа созылған ойын

Алғашқы екі сетте Алькарас басымдық танытып, 6:4, 7:6 есебімен алға шыққан. Алайда Зверев мінез көрсетіп, келесі екі сетте 6:7, 6:7 нәтижесімен есепті теңестірді. Ойын шешуші бесінші сетке ұласты

Бесінші сетте неміс теннисшісі алға шыққанмен, соңғы геймде басымдықты жоғалтып, 7-5 есебімен есе жіберді. Екі теннисші де физикалық және психологиялық тұрғыда бар күшін салып, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алу үшін күресті. Ойын 5 сағат 27 минутқа созылды.

Australian Open кортындағы бұл текетірес турнирдің ең әсерлі матчтарының бірі болды.

Екінші жартылай финал

Екінші жартылай финалда аты аңызға айналған сербиялық Новак Джокович пен италиялық Янник Синнер ойнайды.

Айта кетейік, Новак Джоквич үшін бұл мансабындағы «Үлкен дулыға» турниріндегі 65 жартылай финал болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз