Өмір сүруге жарамды планета табылды

Астрономдар Жерден 146 жарық жылы қашықтықта орналасқан, өмір сүруге қолайлы HD 137010 b ғаламшарын тапты.
Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания және Даниядан құралған халықаралық ғалымдар тобы сипаттамалары Жер мен Марсқа ұқсас HD 137010 b атты ғаламшарды ашты.
«Бұл – радиусы мен орбиталық сипаттамалары Жерге ұқсайды. Күн тәрізді жұлдызды айналады. Бақылаулар жүргізуге болатын жарық жұлдызды айналатын алғашқы үміткер-ғаламшар», – делінген Astrophysical Journal ғылыми журналында жарияланған зерттеуде.
Ғалымдар бұл ғаламшарды 2017 жылы NASA-ның «Кеплер» ғарыш телескопы арқылы алынған бұрынғы деректерді пайдалана отырып анықтаған.
Зерттеушілердің мәліметінше, HD 137010 b ғаламшарының радиусы Жерден небәрі 6 пайызға ғана үлкен. Оның өзі айналып жүрген жұлдыздың «тіршілік аймағында» орналасу ықтималдығы – 50 пайыз. Планетаның жұлдызын толық бір айналып шығуына 355 жер тәулігі қажет.
Сонымен қатар, планетаның беткі температурасы Марспен шамалас болуы мүмкін. Жұлдызы Күнге қарағанда әлсіз әрі салқындау. Сондықтан, температурасы Цельсий бойынша 70 градустан төмен болуы ықтимал.
Айта кететін жайт, NASA 2030-жылдары Марсқа адам жіберуді жоспарлап отыр.