
«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғали ұсталды. Бұл жайлы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен растады деп жазады Қазақпарат.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жария етуге болмайды», – деп нақтылады ҰҚК
Айта кетейік, ұсталардың алдында ғана Айбек Ерғали БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, онда жергілікті тұрғындар үшін газ бағасының көтерілуіне қатысты мәселелерді түсіндірген болатын.
Осыған дейін ҰҚК тергеуге алған OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияғанын жазған едік. Оны компания арқылы бюджет қаржысы заңсыз шығарған деп айыптап отыр.