Қосшыда жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: gov.kz

Ақмола облысының Қосшы қаласында қоғамдық мәдени-спорттық кешенде өткен сабақ кезінде 10 жастағы қыз бала қайтыс болды.

Облыстық полиция департаменті Kursiv.media тілшісіне жас баланың өлімі тіркелгенін растады. Құзырлы орган қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің жаттығу кезінде жағдайы күрт нашарлаған. Тексеру қорытындысынан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция.

Халықстан басылымы оқиға Қосшыдағы мәдени-спорттық кешенде болғанын жазды. Басылым сонымен бірге қыз баланың тыныс жолдары ауыратын бала ретінде есепте тұрғанын да атап өтеді.

Айта кетейік, жақында Қаскелеңде 9-сынып оқушысы сабақ кезінде көз жұмған еді.

Сондай-ақ оқыңыз