
Семейде түнде бойжеткенді қорқытып, әлемжеліні шулатқан 24 жастағы қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылады.
Бұл жаңалықты белгісіз бойжеткен жайлы видео таратқан Аружан әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Оның сөзінше, осы жағдай үшін Аружанның өзіне де көп адам сыни пікір жазған.
«Ешқандай моральдық өтемақы талап еткен емеспін, адвокат жалдауға да жеке қаражат жұмсамадым. Не көрдім – соны жарияладым», – дейді Аружан.
Жәбірленуші осы оқиғадан кейін өзі де психологтың көмегіне мұқтаж күйге жеткен. Енді өзінің қайда екенін бес минут сайын анасына хабарлап отыратын болған. Ол желідегі жазбасында бұл оқиға қатты әсер еткенін, бойында үрей сезімі қалғанын айтады.
Еске сала кетейік, жақында Семейде болған оқиға әлеуметтік желіде көп талқыланып кеткен еді. Аружан есімді бойжеткен сағат түнгі төрт кезінде өзін танымайтын белгісіз қыз қорқытып, зәресін алғанын жазған. Тіпті ол қыздың «соқыр болғың келе ме?» деген сөзінен қатты қорқып қалғанын мәлім еткен. Желіде оның видеосы қызу талқыланып жатыр.