Жаңалықтар

Нипах вирусының вакцинасы да, емі де жоқ – ДДСҰ

Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Үндістанда Нипах вирусының таралуына байланысты мәлімдеме жасады. Ұйым азаматтардың іссапарлары мен саудаға ешқандай шектеу енгізілмейтін мәлімдеді.

Айта кетейік, қаңтарда Батыс Бенгалия штатында инфекцияның екі расталған жағдайы тіркелді. ДДСҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар жеке клиникалардың бірінде жұмыс істейтін екі медицина қызметкері болып шықты. Үндістан билігі шамамен 200 байланыста болған адамды бақылауға алған, алайда жаңа жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Мамандар адамнан-адамға тұрақты түрде таралу белгілерін тіркемеген.

«Инфекцияның аймақтық және жаһандық деңгейде таралу қаупі төмен деп бағаланады»,  деп атап өтті ДДСҰ.

Ұйым қазіргі деректерге сүйене отырып, халықаралық сапарлар мен саудаға шектеу енгізуді ұсынбайтынын мәлімдеді.

Нипах вирусы дегеніміз не? Белгілері қандай?

Нипах вирусы сирек кездесетін, бірақ аса қауіпті инфекция. Ол жануарлардан адамға, ал жекелеген жағдайларда тығыз қарым-қатынас кезінде адамдар арасында да жұғуы мүмкін. ДДСҰ деректеріне сәйкес, бұл вирусқа қарсы вакцина да, арнайы ем де жоқ. Ал әртүрлі індет ошақтарында өлім-жітім деңгейі 40–75%-ға дейін жеткен.

Осыған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нипах вирусының өршуіне байланысты қазақстандықтарға Үндістанға бармауға кеңес берген болатын.