Lifestyle

«Биіңді билеп жүре берші»: Ред флаг туралы ән шығарған блогер сынға қалды

фото: instagram

1 миллион оқырманы бар Ақбота Нұрахын (Ботамия – авт.) Қырғызстанға барып дебют жасады. Тикток трендтер түсіріп, хайп видеоларымен танылған блогер бұл жолы сахнаға ән айтып шықты. «Ред флаг» деп аталатын туындысының үзіндісін жариялаған бетте оқырман тарапынан көп сын айтылды. 

Қазақстандық біршама блогер мен әнші көрші елге барып, Bloger Fest фестиваліне қатысты. Оның ішінде Дарикорн, Баянсұлу, Аружан Бекболат та бар. Концерттің шымылдығын Ботамия жаңа әнімен ашты. Блогердің оқырманы оның бишілік қырынан жақсы хабардар еді. Ал фоллоуерлер пікірі дебютке келгенде екі бөлінді.

Бір тарап «Бәрі әдемі, ән ғана ұнамады. Не мән жоқ, не мағына жоқ, не әуен жоқ, құлағымнан ұялдым. Ал былай әдеттегідей отсың, Бота Миа. Рилс түсіріп, би билеп жүре берші, үлкен өтініш. Өтпеді» деп енді ән айтпауын сұрап жатты.

Сондай-ақ, билеймін деп қолындағы микрофоны жөнінде қалғанын көрген жұрт

«Бота жаным, харизма ұрып тұр. Бірақ микрофон бір жақта өзі айтып тұр. Ол жағы болмады» деп сынады. 

Ал екінші тарап болса, «Қазақстанның JLO-сы болып тұр ғой. Тек алға», «Диван сыншылар, тыныш отырыңдар. Ол алғашқысы бастамасы. Әлі талай сахнаны жарады Бота. Жарайсың, тоқтама» деп қолдап жатыр.

Оған қоса, блогердің концертке киіп барған образына тамсанып жатқандар да аз емес.

«Не боп жатыр мұнда? Костюмі қандай, неткен хореография, дене бітімі қандай» деп жылы лебіз білдіріп жатыр оқырман. Келесі бірі «Басында ұнаушы еді. Ашық киіне бастағалы ерсілеу көрінеді» деп блогердің қысқа көйлекпен шыққанын жақтырмағанын жасырмады.

Әннің өзіне келсек, ред флаг жігітке арналған. Қайырмасында «Мені сені қаламайм, мен саған қарамайм. Өзімді бағалайм» деген жолдар айтылады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар Ботамиямен кездесіп жүр деген әңгімеден соң пікір білдіргені туралы жазған едік.