
Қазастандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open туринирінің жеңімпазы атанды. Финалдық ойында Рыбакина Белорусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.
Ойын барысы
Ойын тартысты үш сетке созылды. Рыбакина ойынның алғашқы геймінде жеңіске жетіп, бірінші сетті 6-4 есебімен аяқтады.
Екінші сетте қос теннисші де қателікке бой алдырмай, өте сақ ойнайды. Алайда бұл Рыбакина соңғы геймді беріп қойды.
Үшінші, шешуші сет Рыбакина үшін ауыр басталды. Қазақстандық теннисші алғашқы үш геймде жеңіліп, 0:3 есебімен артта қалды. Соған қарамастан, мінез көрсетіп, есепті 5:3-ке жеткізді. Ал шешуші сәтте эйспен чемпиондық ұпайды жүзеге асырып, матчқа 6:4 есебімен нүкте қойды.
Осылайша Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, Қазақстан теннисі тарихында тағы бір жарқын жетістікке қол жеткізді.
Рыбакина мен Соболенко тікетерісі
Қос теннисші 2023 жылы Australia open турнирінің финалында кездескен. Ол жылы Белорусь өкілі Соболенко «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Елена Рыбакина үшін бұл мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулы. Бұған дейін қазақстандық теннисші Wimbledon турнирінде топ жарған еді.