Заңғар Нұрланұлы Australian Open финалына шыға алмады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Зангар Нурланулы остановился в шаге от финала юниорского АО-2026
фото: АО-2026

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 2026 жылғы Australian Open турнирінің юниорлар арасындағы жартылай финалында АҚШ өкілі Китон Хансқа есе жіберді. Кездесу 3:6, 2:6 есебімен аяқталды.

17 жастағы Нұрланұлы үшін бір күн бұрын өткен ширек финал өте ауыр әрі эмоциялық тұрғыда қиынға соқты. Ал Китон Ханс тайбейлік Куан-Шу Ченге қарсы ойында (7:6, 6:4) шамамен бір сағатқа аз уақыт жұмсап, алаңға әлдеқайда сергек күйде шықты.

Екі сетте де шешуші сәттерде америкалық теннисші маңызды ұпайларды өз пайдасына шеше білді. Юниорлар арасындағы US Open-2025 турнирінің жартылай финалисі атанған Зангар әр доп үшін соңына дейін күрескенімен, алдыңғы ойындардан кейін щаршап қалғаны көрінді. Бұған қоса, қазақстандық спортшыны бұрыннан мазалап жүрген жарақаты да алаңдатты – жартылай финал барысында оған қайтадан медициналық көмек қажет болды.

Нәтижесінде кездесу 1 сағат 17 минутқа созылып, Нұрланұлы 3:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты.

Анна Данилина финалда ұтылды

Айта кетейік, АО-2026 ойын күні әйелдер арасындағы жұптық финалмен басталды. Қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Круничтен құралған жұп бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайға 6:7 (4:7), 4:6 есебімен жол берді.

Ал әйелдер арасында Australia Open-нің финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Белорусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз