
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі лифтте жасөспірім қалып қойды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Бараев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде 2011 жылы туған жасөспірім істен шыққан жолаушылар лифтінде қалып қойды. Оның дауысын естіген өтіп бара жатқан адам «112» нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, баланы құтқарды.
Егер лифт ішінде қалып қойсаңыз, не істеу керек? ТЖМ арнайы нұсқаулық ұсынады:
- Сабыр сақтаңыз;
- Диспетчермен байланысыңыз;
- Барлық батырмаларды қатарынан баса бермеңіз;
- Лифт есігін өз бетіңізше ашуға тырыспаңыз;
- Сыртқы әлеммен байланысудың барлық қолжетімді жолдарын пайдаланыңыз.
Еске салайық, осыған дейін Шымкентте тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам жарақат алған еді.