
Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шығып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат жоғалып кетті. Бұл туралы кореялық Yonhap порталына хабарлайды.
Өрт 30 қаңтар күні Солтүстік Чхунчхон провинциясындағы зауыттан шыққан. Кәсіпорындағы сексеннен аса қызметкер эвакуацияланған. Бірақ үш азамат жоғалып кетті. Олар – 50 жастағы Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары мен 20 жастағы Непал азаматы.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, өрт сөнгеннен кейін бір тәуліктен соң зауыттан мәйіт табылды. Бірақ оның жеке басы әлі анықталған жоқ.
Қазір Оңтүстік Корея үкіметі жоғалған жұмысшыларды іздестіріп, өрт себебін тергеп жатыр.