Палодарда салынып жатқан көпір екінші рет өртенді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Павлодардағы көпір екінші рет өртенді
фото: @tipav.lo

1 ақпан күні таңертең сағат 10:30 шамасында Павлодардағы көпір тіректерінің бірінде (№5 тірек) жылу жабыны аумағында түтін мен өрт тіркелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, өрт ошағы ауыздықталуда. Сонымен қатар, оқиғаның себептерін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 31 қаңтарда кешке Павлодар облысында миллиард теңгеге салынып жатқан көпір отқа оранған еді. Бірақ өрт тез арада өшірілген.

Сондай-ақ оқыңыз