Трамп АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп Иранға қатысты жоспарын бөліспейді / фото: REUTERS/Kevin Lamarque
Трамп Иранға қатысты жоспарын бөліспейді / фото: REUTERS/Kevin Lamarque

АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге үміттенеді. Бірақ Вашингтон Парсы шығанағындағы одақтастарымен Ислам республикасына қатысты жоспарларын бөліспейді.

Коммерсантъ ақпаратына қарағанда, бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлаған.

«Бірдеңе істей аламыз ба, соны көретін боламыз. Ал олай болмаса, әрі қарай не болатынын көре жатармыз. Біз ол жаққа үлкен флот жіберіп жатырмыз. Ол бұрынғысынан да үлкен», – деп мәлімдеген Трамп.

Ал Ислам республикасы Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Лариджанидің хабарлауынша, Иран АҚШ-пен келіссөзге дайындалып жатыр.

«Жасанды түрде қалыптастырылған ақпараттық соғыс жағдайына қарамастан, келіссөз жүргізу құрылымын қалыптастыру алға жылжып келеді», – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

2025 жылы АҚШ пен Иран Ислам республикасының ядролық бағдарламасы бойынша бірнеше раунд келіссөз өткізген. Дональд Трамп Иранда тіпті бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарлама да болмауы тиіс екенін айтқан. Ал Иран билігі мұндай ұстанымды қабылдауға болмайтынын мәлімдеген. 30 қаңтар күні Иран СІМ АҚШ-пен диалогты «адал әрі тең құқықты» негізде қайта бастауға дайын екенін хабарлады.

Айта кететін жайт, мұның алдында Трамп Кубаға қатысты АҚШ-та төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз