
Алматы полиция департаменті Конституция жобасы жайлы тараған қауесеттерге түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде тараған «жаңа Конституция жобасының мәтінінде жерді шетелдіктерге сатуға қойылған тыйым жойылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты ережелер өзгерген жоқ және қолданыстағы Конституция нормаларына толық сәйкес келеді», – деп нақтылады баспасөз қызметі.
Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді азамат жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК (шамамен 26 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Полиция көпшілік алдында жалған ақпарат тарату заңмен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.