Kursiv LifeStyle Geocult.ru деректеріне сүйеніп, астрологиялық болжамды ұсынады.
Тоқты
Суқұйғыштағы Марс сіздің өнімділігіңізді бір сәтте-ақ шарықтатады. Бизнес саласында тәуекелге баруға болады, ал жеке қаржыда қатаң тәртіп қажет. «Қымюат» дүниеге қол созсаңыз, картаңызды кейінге қоя тұрғаныңыз жөн – Арыстандағы Ай бренд үшін артық төлеуге итермелеуі мүмкін.
Торпақ
Бүгін бизнесте сіз нағыз қамалсыз – барлық дедлайн сізге соғылып тоқтайды. Бірақ құжаттарда шатасу көп: Меркурий «қол қой» десе, ішкі түйсік «қаш» деп тұр. Маңызды қағаздарға бүгін қол қоймағаныңыз дұрыс.
Егіздер
Бүгін сіз коммуникация құдайысыз. Қыста қар сатып, басшыңызды ақпан айындағы демалыс компанияға аса қажет екеніне сендіре аласыз. Ұмыт болып кеткен жобадан қомақты гонорар түсуі әбден мүмкін.
Шаян
Шаяндағы Юпитер ретроград қозғалысын жалғастырып, бюджетті қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа инвестициялар үшін қолайлы күн емес. Жинаққа мән беріп, есеп-шоттарыңызды реттеңіз. Кеш тыныш өтеді, егер жұмыс чатын өшірсеңіз.
Арыстан
Ай сіздің белгіңізде. Бүгін тіпті кофе кезегінде де жарқырайсыз. Тек сенімділік пен менмендікті шатастырмаңыз, әйтпесе кешке бос сарайдың патшасы болып қалуыңыз мүмкін. Қаржыда жағымды тосынсый бар, бірақ бәрін бірден «тәжге» жұмсамаңыз.
Бикеш
Балықтардағы Сатурн Бикештерді шыдамдылыққа сынайды. Өзгенің жауапкершілігін арқаламауға тырысыңыз. Қаржыда тыныш кезең. Талдау жасап, жұмыс процесін оңтайландыруға таптырмас уақыт.
Таразы
Сіздің тартымдылығыңыз бүгін заңды қару. Жеңілдік, бонус сұрауға немесе жай ғана «бүгін мазаламауды» келісуге қолайлы күн. Махаббатта романтикалық тыныштық орнайды аптаның басы үшін нағыз сый.
Сарышаян
Суқұйғыштағы Плутон стратегияны өзгерту керегін меңзейді. Ескі табыс көздері қызық сыйламаса, жаңа бағыт іздеңіз. Ал заңды құжаттарда мұқият болыңыз – бюрократия басты қарсыласқа айналуы мүмкін.
Мерген
Көңіліңіз саяхаттауды қалайды, бірақ Сатурн есептер өздігінен жазылмайтынын еске салады. Лилит қажетсіз дүние сатып алуға азғыруы мүмкін. Кешті достармен өткізу – артық шығынсыз-ақ стрессті тарқатады.
Тауешкі
Бүгін – қаржылық аудит күні. Сатурн тәртіпті талап етеді, ал Арыстандағы Ай мерекені қалайды. Ортақ шешім табыңыз: шағын, бірақ сапалы нәрсе алыңыз. Құжаттарға түстен кейін, «суық есеп» режимі қосылғанда ғана қол қойыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін сіз ел назарындасыз. Белгіңіздегі планеталар жаңа мүмкіндіктерді тартып тұр. Қаржы күтпеген жерден келуі мүмкін. Тек өзіңізді нейрожелі емес, адам екеніңізді ұмытпаңыз: тамақтанып, демалуды да естен шығармаңыз.
Балықтар
Балықтардағы Сатурн босаңсуға жол бермейді. Бизнесте төлемдер кешігуі мүмкін, бірақ бұл уақытша. Егер мәміледен күмәндансаңыз, ішкі дауысыңызға сеніп, үзіліс алыңыз.