
Netflix-тің анимациялық хиты «KPop Demon Hunters» саундтрегіндегі Golden композициясы «Грэмми» сыйлығын иеленді. Ол «Визуалды медиаға арналған үздік ән» номинациясында жеңімпаз болды. Бұл – аталған номинацияда K-pop жанры үшін алғашқы жеңіс.
Марапат 68-ші «Грэмми» сыйлығының алдын ала марапаттау шарасында Лос-Анджелестегі Crypto.com Arena аренасында табысталды. Марапатты тректің композиторлары Иджэ, 24 және Идо алды.
«KPop Demon Hunters» – Netflix платформасындағы толықметражды анимациялық фильм. Басты кейіпкерлер – Huntr/x атты қыздардан құрылған музыкалық топ. Олар орындаған Golden әні жаһандық хитке айналып, Billboard Hot 100 және UK Official Singles Chart Top 100 чарттарында көш бастады.
Қазақстан шоу-бизнесінде Грэмми алған алғашқы әртіс – музыкант және диджей Иманбек Зейкенов. Былтыр күзде бұл номинацияға екінші рет ұсынылды.