
2 ақпанда Ұлттық банк (ҰБ) бағаны бірден 7,5 мың теңгеге түсіріп, 1 грамм алтын құнын 81 562 теңге деп белгіледі. Әлем нарығында алтын мен күміс арзандап жатыр.
Алтын мен күміс бағасы
Бір күн бұрын ғана ҰБ алтынның бір грамын 89 мың теңгеден сатқан. Бұл – қадағалаушы банк тарихындағы ең жоғары баға.
Әлем нарығында алтынның бір унциясы 5 600 долларға дейін көтеріліп, қайта түсті. Қазір ол шамамен 4 763 доллардан сатылып жатыр. Баға айналдырған үш-төрт күннің ішінде қатты түсті. Алтын бір тәулікте 120 долларға арзандады.
Алтынмен бірге күміс те құнын жоғалтып жатыр. Қазір оның бір унциясы шамамен 83 доллар тұрады.
Баға неге түсті?
Күміс пен алтынның арзандауының бірнеше себебі бар. Солардың ең бастыларының бірі – раллидің аяқталуы. Нарықта қатты көтеріліп, рекордтық межені бағындырған соң баға қайтадан түсе бастайды. Себебі нарық оны реттеуге көшеді.
Тағы бір себебі – АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық банк басшылығына Кевин Уоршты ұсынды. Инвесторлар жаңа басшысы инфляциямен күресте қатаң саясат ұстанады деп есептейді.
Бұған қоса, доллардың нығайып, геосаяси жағдай тұрақтана бастауы да бағаға әсер етті.
Алайда сарапшылар алтын бағасы қайтадан көтеріліп, 2026 жылдың аяғына қарай 6 300 долларға дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.