Ақпаннан бастап білім беру мекемелері ескертусіз тексеріледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мекемелерге бірден айыппұл салынбайды/фото: shutterstock

Ақпаннан бастап балалар тұратын және білім алатын мекемелер ескертусіз тексеріледі.

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанованың айтуынша, бұл тізімге балабақша, мектеп, медициналық ұйымдар, интернаттар, студенттік жатақханалар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, балалар үйлері, сәбилер үйлері кіреді.

Айтуынша, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын жеке бизнес тексеріледі.

«Бақылаушы органдарға мектеп ішіндегі асхана, медициналық пункт, спорт залдарын  бір уақытта тексеруге мүмкіндік беріледі. Бұл балалардың мектеп ішіндегі жағдайын көруге көмектеседі», – дейді маман.

Бұған дейін алдын ала хабарлау арқылы жүргізілген тексеру заң бұзушылықты жасыруға мүмкіндік беріп келген. Енді кенеттен барып тексеру бақылауды тиімді етеді.

Мәселен, алдын ала хабарлаған жағдайда балалардың гигиена құралдарымен қамтамасыз етіліп-етілмегенін, киімі мен нысан ішінің таза екенін анықтау мүмкін емес. Бұл ата-анасы мен заңды өкілі жоқ өз құқығын қорғау алмайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты болып отыр.

Айта кетейік, мекемені тексеру барысында заң нормалары бұзылғаны анықталса, бірден айыппұл салынбайды. Табылған қателікті жою нұсқамасын орындамаған жағдайда ғана жаза қолданылады.

Ал бала денсаулығына қауіп төндіретін жайттар анықталса, мекеменің қызметін тоқтата тұру не мекеме қызметіне тыйым салу, қызметкерлерді жұмыстан шеттету секілді шара қарастырылған.

Бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов елдегі жеке мектептерді тексеру барысында заңбұзушылық анықталғанын айтып, білім жүйесін реттеуді тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыз