Джеки Чан қайтыс болғаннан кейін жарияланатын қоштасу әнін жазды

Жарияланды 2 Ақпан 2026 12:39

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джеки Чан / фото: The Foreigner фильмінен кадр

Қытайдың «Күтпеген отбасы» фильмінің премьерасында әйгілі актер Джеки Чан (шынайы аты – Чань Кунсан) көрерменді толқытқан мәлімдеме жасады.

Актер өзінің өлімінен кейін ғана жарыққа шығатын арнайы ән дайындағанын айтты. Оның атауы мен мәтіні әзірге жария етілмеген. Джеки Чан шығарманың көрермендер мен жақындарына арналған қоштасу хаты секілді әсер қалдыруы үшін командасына оны алдын ала дайындауды тапсырғанын жеткізді.

Сөз барысында актер өмірдің өткіншілігі туралы да ой қозғап, соңғы жылдары көптеген әріптестері мен достарынан айырылғанын айтты.

«Адамдар ерте ме, кеш пе өмірден өтеді, бәріміз де қартаямыз. Өмір өте нәзік», – деді актер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Джеки Чан «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмін Бозжыра мен Каспий теңізі жағалауында түсіреті туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз