
«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының басшысы Мадияр Серікбаев танымал әнші Құдайберген Бекіштен пародия жасағаны үшін кешірім сұрады
«Мен Құдайберген Бекіш ағамнан кешірім сұраймын. Құдайберген аға, кешіріңіз. Мен кезінде сіздің рұқсатыңызсыз дауысыңызға, әніңізге, күлкіңізге, сөзіңізге пародия жасадым. Түрім қатты ұқсады сізге. Даусыммен еліктедім. Сосын өте танымал «Қуыр, қуыр, қуырмаш» әніңізді айтып шығып, концертте сізге пародия жасадым. Сізден кешірім сұрап, үлгерген жоқпын сол кезде. Сізді ренжіп жүр деп естідім», – деді Мадияр Серікбаев.
Оның айтуынша, екеуі бір тойда кездесіп қалған кезде пародия үшін Құдайберген Бекіш ренішін білдірген.
«Иә, черный, сен маған пародия жасап жүр екенсің ғой. Сен менімен ақша табайын дедің ба? – деп, қылыш тығып алғандай әрекет жасап, қорқытқаны бар екен.
«Мен бүйтіп қорқып қалдым да, кешірім сұрауға дәтім жетпей қалды, аға. «Болды, болды, сізге пародия салмаймын» деп кеттіп қалдым. Бірақ кешірім сұрап үлгермедім. Балаларға арнап өлең шығарып, балалардың арасында хит болған қазақ эстрадасындағы ерекше әнші. Қатты сыйлаймын. Сізге енді ешқашан пародия салмаймын», – деді Мадияр Серікбаев.
Десе де, әзіл-сықақшы берген уәдесіне қарамастан артынша Құдайберген Бекіштің қимыл-қозғалысын, дауыс мәнерін сала бастады.
Айта кететін жайт, мұның алдында «Өнер қырандары» мультфильм шығарған болатын.