
Қаржылық мониторингі агенттігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен екі шетел азаматына халықаралық іздеу жариялады. Олар – АҚШ азаматы Дмитры Дружинскы мен Украина азаматы Марина Левкович (Гинзбург).
Сот олардың әрқайсысына қатысты сырттай қамауға алуға шешім шығарған.
Тергеу деректеріне сәйкес, шетелде орналасқан бір топ тұлға Қазақстан аумағында PIN-UP және PINCO брендтерімен онлайн-казино қызметін заңсыз түрде ұйымдастырған.
Агенттік мәліметінше, Дружинский мен Левкович бұл схемада негізгі үйлестіруші рөл атқарған. Олар сыбайластарды іріктеп, төлем ұйымдары және екінші деңгейлі банктермен өзара әрекеттестікті жолға қойған, сондай-ақ қаражатты қабылдау мен шығару инфрақұрылымын құруға қатысқан.
«Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған «Gold Pay» ЖШС және «Cyber Pay» ЖШС (кейіннен — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді», – делінген хабарламада.
Тергеу барысында клиенттердің ақшасы алдымен транзит шоттарға жиналып, кейін электронды ақшамен операция жүргізуге лицензиясы бар, аффилиирленген құрылымдар арқылы криптовалютаға айналдырылғаны анықталды.
Бұған дейәін Kursiv LifeStyle Букмекерлік кеңсе мен онлайн-казиноның айырмашылығын саралаған. . Бұл екі ұғым бір-біріне ұқсас көрінгенімен, заң тұрғысынан айырмашылығы бар.