Қазақстан былтыр уран өндірісін 11 пайызға арттырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
2025 жылы уран өндірісі артты / Фото: shutterstock

2025 жылы «Қазатомпром» уран өндірісін 11%-ға арттырып, 25,8 мың тоннаға жеткізді. Алайда сатылым бағасы арзандап, 2026 жылға болжам қысқарған.

Ұлттық атом компаниясының дерегінше, 2025 жылы жалпы уран өндірісі 25 839 тоннаға жетіп, бір жылда 11%-ға өсті. Өсім негізінен «Буденовское» бірлескен кәсіпорнының жобалық қуатқа шығуымен байланысты.

Компаниялар тобы бойынша сатылым көлемі де дәл осы қарқынмен өсіп, 18 495 тоннаны құрады. Ал «Қазатомпромның» үлесіне шаққандағы өндіріс көлемі 13 519 тонна болды.

Баға динамикасы табысқа қысым түсіреді

Өндіріс пен сатылым артқанымен, нарықтағы баға компания үшін жағымсыз сигнал берді. Уран концентратының орташа сату бағасы 6%-ға төмендеп, бір фунты $65,10 деңгейінде қалыптасқан.

Бұл фактор алдағы кезеңде компанияның қаржы нәтижесіне қысым түсіруі мүмкін.

2026 жылға болжам: өсім бар

Компания 2026 жылға арналған өндіріс болжамын 27,5–29 мың тонна деңгейінде белгіледі. Бұл – өткен жылдың тамыз айында айтылған 29,7 мың тоннадан төмен көрсеткіш.

Болжамның орындалуы күкірт қышқылының көлеміне тікелей тәуелді екені атап өтіледі.

Ал сатылым көлемі 19,5–20,5 мың тонна аралығында қалыптасады деп жоспарланған.

Компания өндірістегі қосымша өсімді бірден нарыққа шығармай, қор қалыптастыруға бағыттауды көздеп отыр. Бұл шешім контрактілік міндеттемелерді үздіксіз орындауға, сондай-ақ ықтимал өндірістік шектеулерге дайын болуға мүмкіндік береді.

Өткен аптада «Қазатомөнеркәсіп» акциялары қатты өсті. Оған әлемдік нарықта уран шикізатының қымбаттауы әсер еткен.

Сондай-ақ оқыңыз