Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Наурызда қанша күн демалыс
фото: shutterstock

Осы жылы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты демалыс әдеттегіден көбірек болады.

Халықаралық әйелдер күні 2026 жылы жексенбі, 8 наурызға сәйкес келеді. Еңбек заңнамасына сай, мереке күні демалыспен қабаттасса, демалыс жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, қосымша демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге белгіленеді.

Демалыс кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • демалыс күндері – 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • 10 наурыз – жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 7 наурыз – жұмыс күні;
  • демалыс – 8 және 9 наурыз;
  • 10 наурыз – жұмыс күні.

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі және ресми мемлекеттік мереке болып саналады. 2026 жылы 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (сейсенбі мен сәрсенбі) ауыстырылады.

Наурыз мейрамындағы демалыс кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • демалыс күндері — 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • демалыс — 21, 22, 23 және 24 наурыз;
  • 25 наурыз — жұмыс күні.

Жалпы қазақстандықтар осы жылы мерекеге орай қосымша 15 күн демалыс алады екен.

Сондай-ақ оқыңыз