Атырау облысында келіні енесін пышақтап өлтірді: іс сотта қаралып жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Сот
Әйел өзінің енесін кемі төрт жерден пышақтаған / фото: shutterstock

Атырау облысында 82 жастағы кейуананың өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға өткен жылдың мамыр айында болған. Сол күні үйде енесі мен келіні ғана отырған. 38 жастағы келіні енесіне ас үй пышағымен тап берген. Ол енесінің басы мен денесіне кемінде төрт рет пышақ жарақатын салған. Кейуана аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалып, күдікті әйел қамауға алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден созылмалы психикалық ауру – параноидты шизофрения анықталды.

Қазіргі уақытта іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз