Нұрлан Имам «Оскар» сыйлығын алды

Нұрлан Имам спорттың дамуына рухани үлес қосқаны үшін америкалықтардың қолынан Sport Oskar 2026 халықаралық сыйлығын алды.
Бұл туралы блогер Жұлдызай Смайлова өз парақшасында жариялады.
«Бүгін біздің ағатай (Нұрлан Имам – ред.) Американың төрінде бір емес, бірнеше марапат алды. Спорт, өнер саласына қосқаны үшін, әлемде бейбітшілік болсын деген ұранмен сыйлық алды. Құтты болсын, аға!» – деді Смайлова.
Нұрлан Байжігітұлы түрлі кәде-сыйлықтарға толы үстелдің басында қол бұлғап, құттықтауға ризашылығын білдірді. Жұлдызай Смайлова бүкіл сыйлықтың қазақстандықтардың үстелінде тұрғанын мақтанышпен жеткізді.
Нұрлан Имамның өзі де алған марапаттарын көрсетіп түскен фото-суреттерін жариялады.
Нұрлан Байжігітұлы 2024 жылы қаңтар айында АҚШ президенті Джо Байденмен және 2025 жылы Дональд Трамппен кездескен еді. АҚШ президенттері жыл сайын әлем елдерінің көшбасшылары, танымал тұлғалар мен түрлі мемлекеттерден келген ықпалды адамдардың қатысуымен кешкі ас өткізіп тұрды.