Жаңалықтар

Қаңтардың соңғы аптасы қалай өтті: мұнай бағасы 70 доллардан асты

Фото: shutterstock

АҚШ ФРЖ отырысы және нарық реакциясы

Нарықтың назарында екі басты оқиға болды. Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) отырыс қорытындысын «біршама қатал» (ястребиный) деп сипаттауға болады.

Мөлшерлеме: Реттеуші күткеніміздей базалық мөлшерлемені 3,75% деңгейінде өзгертпес қалдырды. Алайда экономиканың қарқынды өсімін, еңбек нарығының тұрақталуын және инфляцияның әлі де жоғары екенін атап өтті.

Джером Пауэлл: Баспасөз мәслихатында ФРЖ басшысы арандатушы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Ол мамыр айындағы отставкадан кейін басқарушылар кеңесінде қалатыны немесе қалмайтыны туралы тіс жармады және өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме бермеді.

Болжамдар: 10 жылдық мемлекеттік облигациялардың (treasuries) кірістілігі 4,23%-дан 4,27%-ға дейін өсті. Наурыз бен сәуір айларында мөлшерлеме төмендейді деген сенім азайды. Ендігі негізгі сценарий – жеңілдету тек маусым айында болуы мүмкін (ықтималдығы 61,9%). Пауэллдың кезінде ФРЖ шешімі енді өзгере қоюы екіталай.

ИНФОГРАФИКА

Корпоративтік сектор: Технологиялық алпауыттардың есебі

Мұнда жағдай әртүрлі бағытта өрбіді. Meta, Microsoft және Tesla таза пайда мен түсім бойынша Уолл-стрит болжамдарын басып озды.

Meta (М. Цукерберг): Инвесторларға Марк Цукербергтің жоспары ұнады. Ол 2026 жылы дербес супер-интеллектке (AI) басымдық беретінін мәлімдеді. Нәтижесінде компания акциялары премаркетте 7,2%-ға ($717) өсті.

Tesla (И. Маск): Илон Масктың болашаққа – автономды таксилерге, Optimus роботтарына және жасанды интеллектке инвестиция салу туралы сөздері қолдау тапты. Акциялары 2,15%-ға ($440) қымбаттады.

Microsoft: Есептері жақсы болғанымен, инвесторларға Azure бұлттық бизнесінің өсу қарқынының баяулауы ұнамады. Соның салдарынан акциялары 5,2%-ға ($456) төмендеді.

Түйін: АҚШ-тағы жоғары мөлшерлеме мен инфляция долларды нығайтып, дамушы нарықтарға (соның ішінде Қазақстанға) қысым түсіріп тұр. Алайда технологиялық сектордағы ЖИ (AI) төңкерісі ірі компаниялардың құнын алға сүйреуде.

Мұнай

Өткен апта басынан бері Brent маркалы мұнай бағасы 6,25%-ға қымбаттап, барреліне $69,70 деңгейіне жетті. Бұл – 2025 жылдың қазан айынан бергі ең үлкен апталық өсім. Котировкалар $65,00–67,00 қарсылық аймағынан сенімді түрде өтті. Келесі нысана – $75,00–77,00 диапазоны.

Мұнайдың өсуіне бір ғана себеп бар еді, ол соны пайдаланып қалды. Polymarket деректері бойынша, 6 ақпанға дейін АҚШ-тың Иранға соққы беру ықтималдығы 26% деп бағалануда. Бұл көрсеткіш төмен болғанымен, мұнай бағасы қатарынан үшінші күн бойы белсенді түрде өсіп жатыр.

Алтын бағасы

Алтын: Тарихи рекорд және күрт құлдырау

Рекордтық өсім: 2026 жылдың қаңтары алтын үшін 1982 жылдан бергі ең табысты ай болды. Баға бір айда 20%-дан астам өсіп, бейсенбі күні рекордтық $5 594,82 көрсеткішіне жетті.

Жұмадағы құлдырау: Жұма күні баға 4,95%-ға төмендеп, $5 127,89 деңгейіне түсті. Бұл — инвесторлардың пайданы бекітуі (profit taking) және АҚШ долларының нығаюымен байланысты.

Себебі: Нарыққа Кевин Уорштың ФРЖ төрағасы болып тағайындалуы туралы хабар әсер етті. Ол Пауэллға қарағанда «қатал» (ястребиный) саясат ұстануы мүмкін деген қауіп долларды қымбаттатып, алтынды арзандатты.

Осы аптадан не күтуге болады

Доллар индексі (DXY): Кевин Уорштың кандидатурасы Сенатта талқыланған сайын доллар нығая түсуі мүмкін. Бұл теңгеге қысымды күшейтеді.

Алтын: Егер геосаяси жағдай (Таяу Шығыс немесе басқа қақтығыстар) ушықса, алтын қайтадан «қауіпсіз айлақ» ретінде өсе бастайды. Бірақ техникалық тұрғыда баға $5 000 деңгейінде тірек табуы тиіс.

Қазақстан нарығы

KASE индексінің тарихи рекорды

Өткен аптаның ең басты және сенсациялық жаңалығы – бейсенбі күні KASE индексі 7 764,82 тармаққа жетіп, өзінің тарихи рекордын жаңартты. Бұл отандық қор нарығының бұрын-соңды болмаған биіктікке көтерілгенін және инвесторлардың қазақстандық активтерге деген сенімінің өте жоғары екенін көрсетеді. Индекстің бір апта ішінде 4,30%-ға бір-ақ секіруі – дамушы нарықтар үшін сирек кездесетін өте жақсы көрсеткіш.

Көшбасшы компаниялардың серпіні Нарықтың мұндай қарқынмен өсуіне негізінен үш алпауыт компания әсер етті. Бірінші кезекте, Қазатомөнеркәсіп акциялары 11%-дан астам өсім көрсетіп, уран нарығындағы жаһандық трендті шебер пайдаланды. Одан кейін Халық Банк дивиденд төлеу қарсаңындағы белсенділік пен жақсы қаржылық есептің арқасында 9,5%-ға қымбаттады. ҚазМұнайГаз болса, мұнай бағасының $70-қа жақындауын пайдаланып, 7,2%-дық өсіммен индексті жоғары сүйреді.

Валюта және сыртқы факторлардың әсері Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 503 деңгейінде сақталып отыр. Доллар индексінің төмен деңгейі, мұнай бағасының 70 долларға шарықтауы теңгеге қосымша леп береді. Ақпандағы ең үлкен салық апталығын ескерсек, доллардың құны 500 теңгеден төмен түсуі әбден ықтимал.