Жаңалықтар

Қазақстанда қанша әйел мен еркек бар

Қазақстан халқы, адамдар
фото: Kursiv Media, Асқар Ахметуллин

Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстандағы халық саны бойынша жаңа ақпарат жариялады. Жаңа дерек бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сай, Қазақстан халқының саны – 20 495 975 адам.

Оның ішінде:

– 10 477 240 адам – әйел,
– 10 018 735 адам – еркек.

Бюроның нақтылауынша, қала халқының саны – 13 млн, ауыл халқы 7 млн-ға тең.

2025 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 212 576 адамға өсті, оның ішінде:

– табиғи өсім есебінен – 196 423 адам,
– көші-қон сальдосы есебінен – 16 153 адам.

Өңірлер бойынша халық саны
Өңірлер бойынша халық саны 2025/2026 статистикасы
Халық саны көп өңірлер
Халық саны аз өңірлер

Статистикалық деректерге сәйкес, халық саны бойынша Алматы және Астана, Шымкент қалалары, Түркістан және Алматы облысы көш бастап тұр.

Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облысы халық саны ең аз өңірлер қатарында.

Былтыр елімізге 17 мыңға жуық қандас оралған. Олардың басым көпшілігі Өзбекстан, Қытай және Түркіменстаннан қоныс аударған.