Банк пен қаржы

ҚНРДА кей банктердің трансшекаралық операциясын тексереді

фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің трансшекаралық операцияларына тексеріс жүргізбекші. LS сауалына агенттік осылай жауап берген.

«Аталған мәселелерді қарастыру үшін Ұлттық банктің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қатысуымен белгіленген тәртіп бойынша бірқатар банктердің трансшекаралық операцияларына тексеру бастамасы көтерілді», – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, өткен жолы Тоқаев қатысуымен Қаржы мониторинг агенттігінің отырысы өтті. Сол жерде президент қазақстандық банктердің бірі арқылы бір елден екінші елге 7 трлн теңге жібергенін айтқан еді.