Lifestyle

Сәкен Майғазиев немерелі болмақ

Сәкеннің жұбайы Дина Майғазиева болашақ немересінің жынысын нақты білетінін айтты / фото: instagram
Сәкеннің жұбайы Дина Майғазиева болашақ немересінің жынысын нақты білетінін айтты / фото: instagram

Сәкен Майғазиев жақында немере сүйетінін айтып, сүйінші сұрады. «Алла қаласа, анасы екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз» деп жазды әнші.

Әнші бұл жаңалықты ерекше сезіммен қабылдап отырғаны көрінеді. Тіпті, қуанышын әлеуметтік желіде оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

«Ең бастысы, қыз болса да, ұл болса да, иманды, білімді, саналы, өнерлі, жан-жақты болып өскенін қалаймын. Алланың сүйген құлы болсын деп тілеймін. Дені сау болсын деп тілеймін. Алла жар болсын, сіздерге де жұғысты болсын! Ұрпақтарымыз салиқалы болсын!» – деді Сәкен Майғазиев.

«МузАРТ» тобының әншісі жариялаған рилсте отбасы болып, өмір есігін ашқалы отырған сәбидің қыз немесе ұл болатынын болжап жатқаны көрінеді.

Сәкеннің жұбайы, әже атанғалы отырған Динара Майғазиева болашақ немересінің жынысын нақты білетінін айтты.

Немересінің ұл немесе қыз екенін ашық айтпағанмен, бір жағы көк, бір жағы қызғылт торт бұл құпияны ашып берді. Екі бөлгенде торттың іші қызғылт екені анық көрінеді.

Мұның алдында Сәкен Майғазиев діни әңгімелер айтып, Нұрлан имамды таңырқатқан болатын.