Желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен қажылықта жүрген суреті тарады

Жарияланды 2 Ақпан 2026 11:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Threads: Balqadiwaa

Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманмен қажылық сапар кезінде түскен суреті тарады.

Айман парақшасына қасиетті сапар барысында түсірілген фотосуреттерін жүктеп, Сауд Арабиясының Медина қаласында жүргенін көрсетті.

Сонымен қатар Threads әлеуметтік желісінде жұптың бірге түскен суреті кеңінен таралып жатыр. Аталған фотосуретті Balqadiwaa паблигі жариялаған.

View on Threads

Еске салайық, бұған дейін Айман осы паблик иесін сотқа берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз