
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуді үйрететін жеке курстардың жұмысына қатысты маңызды мәлімдеме жасады.
Тек лицензиясы бар автомектептер
ІІМ атап өткендей, болашақ жүргізушілерді дайындау тек лицензиясы бар автомектептерде жүргізілуі тиіс. Курстың оқу бағдарламасының ішінде міндетті түрде практикалық сабақтар кіреді. Жүргізу дағдыларын тек онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, жүргізу дағдылары нақты жол жағдайында ғана қалыптасады. Онлайн курстар толыққанды оқытуды алмастыра алмайды.
Қағаз құжат қажет емес
Тағы бір маңызды жайт – құжаттар. ІІМ автомектепті тәмәмдап шыққандарға курстың аяқтағаны туралы қағаз куәлік алу қажет еместігін атап өтті. Оқу туралы мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына электронды түрде жолданады.
«ІІМ өкілдері жүргізушілерді даярлау сапасы жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін ескертеді. Осыған байланысты азаматтарды оқу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, күмәнді әрі заң талаптарына сай келмейтін ұсыныстарға сенбеуге шақырады делінген«, – хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда жүргізуші куәлігін рәсімдеу тәртібі өзгерді. Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.
