Авто

100 шақырымға небәрі 3,35 литр: Geely жаңа Galaxy M7 гибридін таныстырды

Geely Galaxy M7
Фото: Geely Design, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Geely Galaxy M7 жаңа плагин-гибрид кроссоверін таныстырды. Carnewschina мәліметінше, Galaxy M7 – M-сериясындағы флагмандық M9 моделінен кейін шыққан екінші кроссовер.

Негізгі техникалық көрсеткіштері көңіл көншітерлік: электр қуатымен 225 шақырымға дейін жүре алады, ал аккумуляторы толық таусылған жағдайда 100 шақырымға небәрі 3,35 литр отын жұмсайды.

Geely Atlas-қа ұқсас

Пішіні мен өлшемдері жағынан Galaxy M7 Geely Atlas моделіне жақын. Кроссовердің ұзындығы 4770 мм, ал дөңгелек базасы 2785 мм, яғни бұл толыққанды отбасылық SUV. Сыртқы келбеті заманауи әрі ұстамды стильде жасалған, алдыңғы бөлігі жабық, жіңішке фаралар тұтас жарық жолағымен біріктірілген, ал артқы бөлігі барынша қарапайым.

Фото: Geely Design, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Салон және жабдықталуы

Салонда бірден үлкен экраны көзге түседі, цифрлық аспаптар панелі және 50 ватттық сымсыз қуаттау құрылғысы бар. Сонымен қатар физикалық батырмалар, сусын қоятын ұяшықтар, атмосфералық жарықтандыру және тіпті Face ID камерасы қарастырылған. Дыбыс жүйесінің динамиктері алдыңғы тіректерге кіріктірілген, ал басқару элементтері «кристалл» стилінде орындалған.

Гибридтік жүйе

Galaxy M7 110 ат күшіне ие 1,5 литрлік қозғалтқышпен және Aegis Golden Brick батареясы бар гибридтік жүйемен жабдықталған. Geely батареяның қауіпсіздігі мен жылдам қуатталуына айрықша мән берген. Автокөліктің жалпы жүріс қоры 1 730 шақырым деп көрсетілген, ал ең жоғары жылдамдығы – 180 км/сағ.

Еске салсақ, осыған дейін Geely бренді Қазақстан нарығындағы 2022 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңін қорытындылаған. Осы уақытта ресми дистрибьютор G Motors Kazakhstan 21,5 мың автокөлік сатқан.