
Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер әшкереленді. Ақпаратты Қарағанды облысының прокуратурасы таратты.
Ведомствоның мәліметінше, бірқатар заңбұзушылық анықталған. Атап айтқанда, аудан кәсіпорындарының бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз өндіріп, кейін оны шетелге заңсыз экспорттағаны белгілі болды.
«Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген», – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс шеңберінде үш күдікті қамауға алынды. Олардың 500 млн теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.