Жаңалықтар

Бішкек орталығында тікұшақ алаңы бар 25 қабатты бизнес-орталық салынады

Онда стартаптарға әрі креативті индустрия өкілдеріне арналған түрлі кеңістіктер орналасады / фото: Кыргызстан аэропорттору
Онда стартаптарға әрі креативті индустрия өкілдеріне арналған түрлі кеңістіктер орналасады / фото: Кыргызстан аэропорттору

Бішкектің орталығында «Қырғызстан әуежайлары» ААҚ «Авиатор» атты жаңа 25 қабатты бизнес-орталық салуды жоспарлап отыр.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, ғимараттың төбесінде тікұшақ алаңы орналасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Авиатор» бизнес-орталығы авиация стилінде салынып, ұшу, қозғалыс пен жоғары технология тақырыптарын бейнелейтін дизайнерлік шешімдер қолданылмақ. Кешен ішінде бизнес алаңдары, кеңселер, мейрамханалар, бутиктер, қонақүй және кәсіпкерлерге, стартаптарға әрі креативті индустрия өкілдеріне арналған түрлі кеңістіктер орналасады.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – 25 қабатты ғимараттың төбесіндегі тікұшақ алаңы. Жоспар бойынша, «Қырғызстан әуежайлары» ААҚ-ның еншілес компаниясы саналатын Asman Airlines Бішкек қаласы мен оған жақын аймақтарға іскерлік және туристік тікұшақ рейстерін ұйымдастырады. Осы мақсатта компания жақын уақытта тікұшақ сатып алмақ.

Құрылыс жұмыстарын қытайлық компания жүргізеді. Алайда инвестордың нақты атауы әзірге жарияланған жоқ.

Ал Алматы қаласында ең үлкен стадион салынбақ.