Миллионер Кеңес Рақышев тағы бір жаңа компания ашты

Жарияланды 3 Ақпан 2026 15:36

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: kazakhboxing

Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Resources компаниясы осы жылдың қаңтарында «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді. Ол Arkhat Minerals Limited деп аталады. Бұл туралы экономист және Finmentor телеграм-каналының авторы Арман Батаев жазады.

Әзірге Arkhat Minerals Limited-тің немен айналысатыны белгісіз. AFSA сайтында жазылғандай, бұл холдингтік компаниялардың қызметіне қатысты. Ал ұйымның жарғылық капиталы – 100 доллар ғана.

Батаевтың пікірінше, жаңа құрылымның атауы Абай облысы Абай ауданындағы Архат ауылымен байланысты болуы мүмкін. Ауылдан шамамен сегіз шақырым қашықтықта Бельсу алтын кен орны орналасқан. Бұл кен орнын 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған, Ал оны игеріп жатқан Metall Mining компаниясы 2025 жылы 2,5 млрд теңге салық төлеген.

Бұған дейін Кеңес Рақышевтың «Шұбаркөл Премиум» компаниясы акционерлерінің құрамынан шыққанын жазған едік. Миллионердің байлығы 435 млн доллар деп бағаланады, ол елдегі ең бай 75 бизнесмен тізімінде 23-орында тұр

Сондай-ақ оқыңыз