Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қайтадан арзандады

доллар бағамы
Доллар бағамы қайта арзандап жатыр / Фото: shutterstock

3 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта теңге АҚШ долларына қатысты нығайды. Бір кұн бұрын доллар бірден 4 теңгеге қымбаттап, 505 теңгеден асқан болатын.

Ал сейсенбі күні орташа өлшенген айырбас бағамы алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,3%-ға, яғни 1,73 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 503,44 теңгені құрады.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, 4 ақпандағы ресми доллар бағамы 503,44 теңге болады. айырбастау пункттері долларды 503-504 теңгеден сатып жатыр.

2025 жылдың жазында доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. 2026 жылға қарай теңге нығайып, көкқағаз арзандап кетті.

Halyk Research сарапшыларының болжамынша, биыл валюта нарығындағы ұсыныстың азаюы теңгеге қысым түсіруі ықтимал. Осы фактордың әсерінен 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы қайтадан 580–590 теңге деңгейіне дейін өсуі мүмкін.

Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қатты қымбаттауына еш негіз жоқ деп тұжырымдайды.