Жаңалықтар

Вьетнам инвесторы «Ақ-Бұлақ» туристік кешеніне қомақты инвестиция салады

Фото: gov.kz

Вьетнам инвесторы Алматы облысындағы Ak Bulak Village туристік кешені мен Қонаев қаласының «Арна» индустриялық аймағына қомақты инвестиция салады.

Қонаев қаласының «Арна» индустриялық аймағында 90 млн долларға азық-түлік зауыты салынады.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Вьетнам Премьер-министрінің тұрақты орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесуінде белгілі болды.

Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты арттырмақ.

Қазақстан 2026 жылға қарай өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын.

Бұған дейін «Ақ-Бұлақ» курортын вьетнамдық Crystal Bay Group компаниясымен бірлесіп, казиносы бар элиталық курортқа айналдыру жоспарланып отырғаны хабарланған.