Жаңалықтар

Оқушыны зорлаған зейнеткер 21 жылға бас бостандығынан айырылды

сот соттау сот үкімі үкім
Оқушыны зорлаған зейнеткер 21 жылға бас бостандығынан айырылды / фото: shutterstock

Ақтөбе облысында 14 жастағы зорлап, жүкті еткен зейнеркерге қатысты сот ісі аяқталды. Облыстың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты зейнеткерді 21 жылға соттады, деп хабарлайды Диапозон.

«Қылмыс жасады деген күдікпен қыздың әжесінің жұбайы бірден ұсталды. 3 ақпанда ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның зейнеткерлік жасын ескерді. Әйтпесе ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп түсіндірді Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Алтынбек Сабыров.

Сотталушыға 3-бап бойынша айып тағылған. Зорлау, бірнеше рет жасалған зорлық-зомбылық әрекеті және кәмелеттік жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу, яғни зорлау фактісі.

Сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2025 жылы мектептегі сабақ барысында 14 жасар қыздың толғағы басталып, ол ауруханаға жеткізілген. Оның жүкті екенін ешкім білмеген. Ұлын босанғаннан кейін облыстық перинаталдық орталыққа жатқызылған.

Оқиғаға күдікті ретінде 2025 жылдың қазан айында қыз баланың әжесінің 64 жастағы жұбайы ұсталған.